Галерея

Кружки и секции

Біздің түлектер

Блог директора

Мектеп формасы

Мектеп формасына қатысты ереже

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым  министрінің 2016 жылғы 14қаңтардағы 2016-2017 оқу жылында мектеп формасының енгізілуі  туралы №26 бұйрығы бекітілді.

Білім және Ғылым министірлігі мектеп оқушыларының киіміне қатысты жалпыға бірдей талаптарды бекітті. Бұл талаптар орта білім беретін ұйымдардың міндетті мектеп формасына ортақ ұстанымы мен ата-аналардың мектеп формасына дұрыс көзқарасын қалыптастыру.

Бірыңғай мектеп формасына қойылатын  талаптар «білім берудің зайырлы сипатын іске асыруға және орта білім беру ұйымдары білім алушыларының арасында әлеуметтік, мүліктік және басқа да өзгешеліктердің белгілерін жоюға бағытталған».

  1. Мектеп  формасы оқытудың зайырлы сипатына сәйкес болуы керек;
  2. « Мектеп формасының үлгісі, түсі классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында жасалады, үшеуден асырмай түстерді араластыруға рұқсат етіледі, түсі қалыпты және ашық емес түстерден таңдалу қажет;
  3. Мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшелігіне күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлінеді;
  4. Ұлдардың мектеп формасы: пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде. Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұруы тиіс;
  5. Қыздардың мектеп формасы: пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде. Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұруы тиіс;
  6. Мектеп формасына қойылатын талаптар климаттық жағдай, оқу сабақтарының өткізілу орны және оқу ғимаратындағы температуралық режим ескеріліп, іске асырылады. Сондай-ақ, жарақаттайтын фурнитурасы бар киім мен аксессуарлар киюге тыйым салынады.

Талап бойынша, оқушы формасы классикалық үлгіде әрі сапалы   материалдардан, таза табиғи матадан тігілуі тиіс. Баланың психологиясына әсер етпейтін, керісінше, зейінін ашатын түстер таңдалуы және үш түстен артық түсті араластырмай тігілуі тиіс. Бұл дегеніміз, енді Қытайдан әкелінетін арзан формалардың жарамайтынын білдіреді. Ал, Қазақстанда мұндай мата шығарылмайды.Киім-кешек те, мата да, Ресей, Түркия сияқты шет мемлекеттерден сатып алынады.

Сырт келбетке қойылатын талаптар:

Жинақтылық, ұқыптылық, мұнтаздай таза аяқ киім, қарапайым жинақы шаш байлау үлгісі;

Санитарлық талаптарды орындау мақсатында мектеп ішінде ауыстыратын екінші аяқ киім болу міндетті, ауа райының төмен температурадағы жағдайларына байланысты мектеп әкімшілігімен келісілген ата – аналардың шешімі бойынша екінші (ауыстыратын) аяқ киім болу міндеттілігі алынып тасталуы мүмкін.

Мектеп әкімшілігі бекіткен мектеп формасын (ер балаларға: ақ көйлек, қара шалбар,  қыз балаларға: ақ жейде, қара белдемше, ақ бантик) міндетті түрде сақтау. Спорт залында спорттық форма мен спорттық аяқ киім кию міндетті.  Көрсетілген таплаптарды орындамаған жағдайда мұғалім, әкімшілік, класс жетекші оқушыны сырт келбетін келтіру үшін үйіне жіберуге және бұл туралы ата – аналарға (заңды тұлғаларға) хабарлауға құқылы;

Тыйым салынады: дене бөліктерін (іш, бел, кеудені) жалаңаштауға, хиджаб киюге, ер балаларға шалбар тобықтан жоғары болмауға, қыз балаларға: белдемшесі тізеден жоғары не төмен болмауға, бет бояйтын опа – далап қолдануға, ерсі әшекейлерді тағуға, назар аударатын пирсинг жасауға;