Галерея

Кружки и секции

Біздің түлектер

Блог директора

Типтік ережелер

Типтік ережелер – бұл жұмыс беруші мен қызметкер  арасындағы еңбек қарым – қатынасы заңға сәйкес негізделген құжат. Ұйымдағы МТТЕ еңбек тәртібін, жұмыстың ішкі ережелерін, қызметкерге қатысты көтермелеу және шара қолдану тәртібін, анықтайды, еңбек келісім шартын жасасқан екі жақтың жауапкершіліктері мен міндеттерін, құқықтарын және қызметтің т.б. талаптарын белгілейді.

Мектепшілік типтік ереже негізінде құрастырылады және ұжымдық шартқа қосымша бола алады.

Еңбек тәртібі жоғары сапалы жұмыс үшін қажетті ұйымдастыру және экономикалық жағдай туғызған уақытта , еңбекке саналы көзқараспен қарағанда , сонымен қатар адал еңбекке мадақтау, мақтау берген жағдай болғанда қамтамасыз етіледі.

Еңбек тәртібін бұзған оқытушыларға қоғамдық ықпал және қажетті шаралар қолданылады.

Мектепшілік тәртіптің ережелері

1.Жалпы ережелелер

1.1.Ереженің басты мақсаты мектептің еңбек ұжымының жұмысын (қызметін) дұрыс ұйымдастыру, жұмыс уақытын тиімді қолдану, қызметкердің сапасын және тиімділігін арттыру, еңбек тәртібін, өмір  қауіпсіздігін және балалардың құқығын нығайту (орнату) болып табылады.

1.2.Еңбек тәртібі – бұл  ішкі еңбек тәртіп ережелерін тек қатаң  сақтау ғана емес, сонымен бірге өз жұмысына саналы түрде және шығармашылықпен қарап, оның сапалығын қамтамасыз етіп, жұмыс уақытын өнімді қолдану.

2. Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және босату

2.1.Жұмысқа  қабылданатын қызметкер мектеп әкімшілігіне төмендегі (келесі) құжаттарды ұсынуға (көрсетуі) міндетті:

  • жеке басын растайтын куәлік (жеке басының куәлігі)
  • жергілікті жерде тіркелгенін (тұратынын) растайтын құжат
  • еңбек кітапшасы
  • білім алғандығы туралы немесе кәсіби дайындығы туралы құжат

(көшірме)

  • біліктілік санаты берілгендігі туралы (тағайындалғаны) құжат

(көшірме)

  • біліктілігін арттыру туралы құжаттар, куәліктер, сертификаттар,жеке куәліктер және т.б.
  • мақтау қағазымен медальдармен, ордендермен және т.б. марапатталғандығы туралы құжаттар (көшірме)
  • кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс – қағаз (жұмысқа қабылданғанда

толтырылады)

  • өмірбаян
  • 3*4 сурет – 2 дана
  • әскери билет (көшірме)
  • денсаулығы тұрғысынан білім беру ұйымдарында жұмыс істеуге рұқсат етілгендігі туралы медициналық қорытынды (флюорографиялық түсірілім)

2.2. Қос қызметтілікке орналасып жатқан тұлғалар негізгі жұмыс орнынан қызметі мен жұмыс кестесі көрсетілген анықтама мен еңбек кітапшасының көшірмесін ұсынуы тиіс.

2.3. Қызметкер мен мектеп өзара жазбаша түрде еңбек келісім – шартына екі жақты қол қойғаннан соң жұмысқа қабылдау іске асырылады.

2.4. Еңбек келісім – шартына қол қойылғаннан кейін әкімшілік жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығарып, қызметкерге қол қойдыру арқылы мәлімделеді.

Жаңадан қабылданған қызметкерге, өзге  жұмысқа ауысқан қызметкерге мектеп әкімшілігі міндетті:

  • тапсырылған жұмыс және оның міндетті нұсқауларымен, қызметтің талаптары мен еңбек ақысымен таныстыруға, оның құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге;
  • еңбек және техника қауіпсіздігімен және балалардың денсаулығы мен өмір қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, сонымен қатар қызмет орнын қолдануды таныстыруға;

2.5. Әрбір қызметкерге кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс – қағаздан, өмірбаян, білімі, біліктілігі, кәсіби дайындығы туралы құжаттардың көшірмелерінен денсаулығына байланысты білім беру мекемелерінде жұмыс істеуге қайшылықтары жоқ екендігін  көрсететін медициналық  қорытындыдан, жұмысқа тағайындалғандығы, ауысқандығы, марапатталғандығы  және жұмыстан  босатылғандығы туралы бұйрықтардың көшірмесінен тұратын жеке іс – қағазы жүргізіледі. Жеке іс – қағаз мектепте сақталады.

2.6. Басқа жұмысқа ауыстыру  қызметкердің келісімімен ғана жүзеге асырылады. Тек өндірістегі қажеттілік немесе басқа қызметкердің уақытша болмауына байланысты болған жағдайда заң жүзінде қызметкердің келісімінсіз уақытша ауыстыруға жол беріледі.

2.7. Мектепке қатысты қызметтің өзгеруіне байланысты (класс санының, оқу жоспарының, мектептің жұмыс жасау тәіртібінің өзгеруі, тәрбие жұмысының жаңа бағыттары мен тәжірибелік жұмыстарын және т.б. енгізуі) қызметкердің сол мамандықта, лауазымда, біліктілігі бола тұра жұмыс жасау шарттарының, яғни еңбек ақысының көлемі мен төлемінінің, жеңілдік, жұмыс кестесінің, оқу жүктемесінің өзгеруі оның ішінде толық емес жұмыс күнін, қосымша жұмыс түрлерін (класс жетекшілік, кабинет,шеберхана меңгерушісі қызметін) тағайындауға немесе өзгертуге, қос мамандықты қызметте болуға, сонымен қатар басқа да еңбек талаптарының өзгеруіне жол беріледі.

Қызметкер өз жұмысының шарттарының өзгергендігі туралы 1 айдан кем емес уақытта ескертілуі тиіс.

2.8.Жұмыстан босатылған күні мектеп әкімшілігі қызметкермен  толықтай есеп айырысып, өзіне тиісті еңбек кітапшасы беріледі.

Еңбек кітапшасына жұмыстан босатылғандығы туралы  жазба заңға сүйеніп заңның баптары мен тармақтары негізінде жүргізіледі.

3.Қызметкердің негізгі міндеттері

3.1.Оқу кезеңінде мектептің ұйымдастыруымен кластан, мектептен тыс шаралар өткізілген кезде оқушылардың өмірі мен денсаулығына педагог қызметкерлер толығымен жауапты болады. Барлық уақытта оқушылардың қандай да бір жарақат алғандығы туралы дереу әкімшілікке хабарлау тиіс.

3.2.Мектеп қызметкерлері міндетті:

3.2.1. өзінің кәсіби біліміне байланысты толық теориялық және практикалық білімге ие болуға және оқыту дағдысын жете меңгеруге;

3.2.2. білім беру сапасын мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес қамтамасыз ету;

3.2.3. оқушыларды патриоттық тәрбиеге баулып, бойында еңбекқор адамға сай қасиеттерді қалыптастыру;

3.2.4. бойында адамгершілігі жоғары, ата – анасын және этномәдени құндылықтарды құрметтей білетін, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарайтындай етіп тәрбиелеуге;

3.2.5. кемінде бес жылда бір рет аттестациядан өтуге;

3.2.6.адал қызмет етуге, еңбек тәртібін сақтауға, мектеп әкімшілігінің нұсқауларын уақытында және нақты орындауға, барлық жұмыс уақытын өнімді өткізугет пайдалануға және де басқа қызметкерлердің қызметтік міндеттерін атқаруға кедергі болмауға;

3.2.7. гуманистік принциптері мен педагогтың кәсіби этикалық нормаларын сақтауға;

3.2.8.белгіленген мерзімде медициналық тексеруден өтуге, санитарлық ережелерді, еңбек гигиенасын сақтауға;

3.2.10. жұмыс орнында қоғамдық жерлерде өзін абыройлы ұстап, ұжым арасында жүріс – тұрыс этикалық номаларын сақтай отырып, ата – аналармен  және мектептің басқа да ұжым мүшелеріне құрметпен қарап, ілтипатты болуға;

3.2.11. жұмыс орнын, жиһаздарды, құрал – жабдықтарды ұқыпты және таза ұстап, мектеп кабинеттерінде тазалықты сақтауға;

3.2.12. материалдық құндылықтар мен құжаттарды сақтауға орнатылған талаптарды орындауға;

3.2.13. мектеп мүлкін сақтауға, материалдарды ұқыпты пайдалануға, электроэнергиясын, жылуды, суды ұтымды қолдануға;

3.2.14.орнатылған құжааттарды ұқыпты жүргізіп, уақытында толтыруға;

3.2.15. оқушылар мен ата – аналардың абыройына кір келтірмеуге;

3.2.16. этикет нормаларын: жүріс – тұрыс этикетін, киім кию ережелелерін, сөйлеу мәнерін сақтауда оқушыларға үлгі болуға;

3.3.Мұғалім сабаққа дайындықпен, сабақ жоспары және күнтізбелік – тақырыптық жоспармен келуі тиіс;

3.4. Мұғалім оқушылардың мектеп асханасында тамақтануын қамтамасыз етеді және бақылайды;

3.5.   Класқа бекітілген класс жетекші сабақ басталардан 15 минут бұрын  оқушыларын күтіп алып, сабақ аяқталғанға дейін класс оқушыларымен бірге болуы тиіс;

3.6.    Класс жетекші әр үзілісте класс оқушыларымен бірге болуы тиіс;

3.7. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, класс жетекші, медициналық қызметкер оқушылардың денсаулығына байланысты  анықтаманың уақытылы әкелуін қадағалайды;

3.8. Кітапханашы, класс жетекші оқушылардың кітаппен қамтамасыз етуін ұйымдастырады;

3.9. Дәлелсіз себептерге байланысты жұмысқа шықпаған қызметкер ағымдағы жұмыс күнінің ішінде өзі немесе туыстары, болмаса достары  арқылы мектеп директорын немесе оның орынбасарын хабардар етуге міндетті   және  оқу орнына келген күні жұмысқа шықпаған себептерін түсіндіруі тиіс.

4. Әкімшіліктің негізгі міндеттері

4.1. Оқушылардың мектеп қабырғасында өткізетін уақыты ішінде және мектептің ұйымдастыруымен  өткен іс – шараларға қатысу кезінде олардың құқықтарының сақталуына, өмірі мен денсаулығына жауапкершілік мектеп әкімшілігіне артылады. Барлық  адам алған жарақат жағдайлары туралы белгіленген тәртіп бойынша білім басқармасына хабардар етеді.

4.2. Мектеп әкімшілігі міндетті:

4.2.1. аурудың таралуына жол бермеу, тәрбиеленушілер мен оқушылардың денсаулығын нығайту, физикалық тұрғыдан жетілу, салауатты  өмір салтын жүргізу мақсатындағы шаралардың орындалуын қамтамасыз етуге;

4.2.2. оқушылардың білім алуына және оларрдың өмірі мен денсаулығын сақтауға,  балалардың құқығын қорғауға қажетті жағдайларды  қалыптастыруға;

4.2.3. оқу жүктемесін, мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт негізінде дайындалған ережелерге сай оқу үрдісінің күнтізбелік графигін, санитарлық – эпидемиологиялық ереже мен нормаларды, оқу жоспарларын және білім беру денсаулық сақтау органдарының кепілдемелерін бекітуге;

4.2.4. мектеп қызметкерлерінің мектеп Жарғысымен, ішкі еңбек тәртібі ережелерімен, лауазымды нұсқаулармен жүктелген міндеттерді атқаруын қамтамасыз етуге;

4.2.5. мектеп қызметкерлерінің мамандығы мен біліктілігіне сай жұмысын дұрыс ұйымдастырып, әрбіреуіне жұмыс орнын бекітіп,  құрал – жабдықтардың жарамды түрде болуын және еңбек ету жағдайының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;

4.2.6. еңбек және өндірістік тәртіптің қатаң қамтамасыз етуге;

4.2.7.оқу пәндерін нығайтуға, жұмыс уақытын бос жібермеуге, еңбек ресурстарын ұтымды пайдалануға, еңбек ұжымының тұрақтануын қалыптастыруға, мектеп  ұжымына қолайлы  ахуал тудыруға бағытталған ұйымдастырушылық және тәрбиелік жұмыстарды үнемі жүргізіп отыруға;

4.2.8. ұжымның көзқарасын ескере отырып, еңбек тәртібін бұзушыларға уақытылы шара қолдануға;

4.2.10. оқу – тәрбиелік процестің жақсаруына  жағдай жасауға;

4.2.11. жұмыстың ғылыми ұйымдастырылуын енгізуге жағдай жасап, жұмыс сапасының көрсеткішін арттыруға, мәдени дағдысын нығайтуға,арналған     іс – шараларды жүргізуге;

4.2.12. қызметкеррлердің келісімімен тәжірибесін аталған немесе басқа мектеп ұжымы арасында оқып – білуге, таратуға және енгізуді ұйымдастыруға;

4.2.13. жүйелі түрде мектеп қызметкерлердің теориялық деңгейін және кәсіби біліктілігін ұдайы арттырып, отыруды қамтамасыз етуге;

4.2.14. белгіленген мерзімде педагог қызметкерлерді аттестаттаудан өткізіп, оқу орнынды оқып жүріп жұмысын қоса алып жүрген қызметкерлерге жағдай жасауға;

4.2.15. мектепті уақытылы материалдық – техникалық бапзамен, оқу әдістемелігімен және шаруашылық бұйымдармен қамтамасыз етуге шара қолдануға;

4.2.16. еңбек заңнамаларын (еңбек келісім – шартының шарттарын), еңбек қорғау ережелерін бұлжытпай орындауға, жұмыс жасау жағдайын жақсартуға;

4.2.17. білім беруді бақылай отырып, қызметкерлер нұсқаулардың, техника қауіпсіздігінің, өндірістік санитария мен гигиенааның және өрт қауіпсіздігінің барлық талаптарын сақтап отырғандығын қадағалауға;

4.2.18. мектептің, қызметкерлердің және оқушылардың мүлкінің сақталуын қамтамасыз етуге;

4.2.19. оқушыларды ыстық тамақпен тамақтануын ұйымдастыруға жағдай жасауға;

4.2.20. белгіленген мерзімде жалақыны беріп тұруға;

4.2.21. жұмыс көррсеткішінің сапасы мен тиімділігін жан – жақты арттыруға жағдай  жасай отырып, уақытында қорытынды жасап, атқарылған қызметті моральді және материалды жағынан ынталандырып, алдыңғы қатарлы қызметкерлерді педагогикалық қызметтегі табыстары үшін көтермелеу туралы сұрақтарды шешуге;

4.2.22. ұжым арасында іскерлік, шығармашылық ахуалдың орын алуына ықпалын тигізе отырып, қызметкерлердің белсенділігі мен ықыласын қолдауға және    дамытуға;

Оқушылардың сырт киімінің қауіпсіздігіне жағдай жасауға;

4.2.23. барлық мектеп қызметкерлеріне уақытында жыл сайынғы еңбек демалысын ұйымдастыруға, демалыс немесе мейрам күндеріне сәйкес жұмыс істегені үшін және жұмыстан тыс уақытта кезекшілік атқарғаны үшін басқа бір күні демалыс беруге;

4.2.24. кәсіподақтың ұжымның мүддесін қорғау мақсатында жүргізетін жұмыстары үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға;

4.3. өндірістік қажетілікке байланысты әкімшілік мұғалімдердің сабағын ауыстырып беруіне құқылы;

4.4. педагогикалық ұжымның қатысуысен жергілікті келді мекенде мектеп жасындағы балалардыңбілім алуын қамтамасыз етуін ұйымдастыруға және бақылауға;

4.5. ата- аналардың өз балаларының оқу үлгерімі, тәртібі және білім алу жағдайлары туралы мәліметтерді алуға мүмкіндік беретін жағдай жасауға;

4.6. оқушылар үшін бірдей мектеп формасын келісе отырып және бекіту;

5. Жұмыс уақыты және оны пайдалану (қолдану)

5.2. Педагог қызметкерлердің жұмыс уақыты жалпы орта білім мекемесінің жарғысымен, ішкі еңбек тәртібінің ережелерімен, лауазымды нұсқаулармен артылған оқу кестесі және міндеттерімен анықталады.

5.3. Мектеп әкімшілігі сабақ кестесін педагогқызметкерлердің уақытын мүмкіндігінше үнемдеу және оқушылардың білім алуы мен демалуына  барынша қолайлы жағдайды ескере отырып құрады.

5.4. Директор оқу жүктемесін кадрлардың және оқу жоспарының сағат санына байланысты береді.

5.5. Педагог қызметкерлердің лауазымды нұсқауларды орындауға жұмсайтын уақыты жұмыс уақытының жұмыс кестесіне сәйкес және жұмыс кестесінен тыс бөлігінен тұрады.

5.6. Директордың бұйрығымен белгіленіп тәртіп бойынша мұғалімнің жұмысына қосымша класс жетекшілік, оқу кабинетінің меңгерушісі, еңбек тәжірибесін ұйымдастыру, кәсіби бағдар беру, қоғамдық – пайдалы еңбек, сонымен қатар басқа да оқу – тәрбие қызметтері сияқты жүктелуі мүмкін.

5.7. Мұғалімнің жұмыс күні сабақтарынан  10 минут бұрын басталады.

5.8. Қызмет  көрсету жұмысшылар мен жұмысшылардың жұмыс уақыты апталық жұмыс күнінің  немесе басқа да оқу кезеңінің белгіленген мөлшеріне байланысты құрылған кесте негізінде анықталады. Кестені мектеп әкімшілігі кәсіподақ комитетімен бірлесе отырып бекітеді.

5.9.  Мектептің  қызметкерлерін (мұғалімдер, тәрбиешілер және т.б.) демалыс және мейрам күндері кезекшілікке тарту заңнамаларымен қарастырылған және әкімшіліктің жазбаша бұйырғы негізінде жүзеге асады.  Жүкті әйелдер мен 3 жасқа дейінгі баласы бар әйел адамдар мерзімнен тыс, мейрам күндергі жұмыстарға тартылмайды және іс – сапарға жіберілмейді.

5.10. Әкімшілік педагог қызметкерлерді  мектептегі кезекшілікке белгілейді. Кезекшілік сабақтан 20 минут бұрын басталып, сабақтан 20 минут кейінгі уақытқа дейін созылады. Мектеп директоры кезекшілік кестесін белгілі бір оқу мерзіміне кәсіподақ комитетімен келісе отырып бекітеді. Кесте мұғалімдер бөлмесіне ілінеді. Кезекшілердің негізгі ережелері мен міндеттері басқа ережелер негізінде анықталады.

5.11. Жыл сайынғы еңбек демалысына сәйкес келмейті,н каникул уақыты педагог қызметкерлердің жұмыс уақыты болып есептеледі. Мектеп әкімшілігі тарапынан мұғалімдер каникул аяқталғанға дейінгі уақыт аралығында өздерінің орташа есеппен күндізгі оқу жүктемесіндегі уақытынан аспайтын мөлшерде педагогикалық және ұйымдастырушылық жұмыстармен айналысады.

5.12. Мұғалімдер мен тәрбиешілердің мектептегі әдістемелік бірлестік отырыстары оқу тоқсанына екі реттен артық жүргізілмейді. Мектепшілік жалпы ата – аналар жиналысы жылына кемінде – бір рет, кластың ата – аналар жиналысы жылына кемінде – төрт рет ұйымдастырылады.

5.13. Еңбек ұжымы жиналысының, педагогикалық кеңес отырысының  және мектепшілік  әдістемелік бірлестік жиналысның ұзақтығы – 2 сағаттан, ата – аналар  жиналысы 1,5 сағаттан, оқушылар жиналысы – 1 сағаттан, үйірме, секциялардың ұзақтығы – 45 минуттан – 1,5 сағаттан аспауы тиіс.

5.14. Мектеп әкімшілігі жұмысқа келу және кету есебін жүргізіп отырады.

Әкімшілік жұмысқа шықпаған мұғалімнің немесе басқа жұмысшының орнын тез арада басқа мұғаліммен (жұмысшымен) ауыстыруы тиіс.

5.15. Сабақ кезінде класта (топта) басқа адамдардың қатысуына мектеп директорының немесе оның орынбасарының рұқсаты болу керек. Сабақ басталғаннан кейін класқа (топқа) кіруге ерекше жағдайларда тек мектеп директорына емесе оның орынбасарына ғана рұқсат етіледі.

5.16. Оқу кабинеттері сабаққа дейін ашып қойылады.

 5.17. Мектеп  әкімшілігіне тыйым салынады:

  • оқу жылының ішінде оқу процесіне байланысы жоқ кез келген жұмыстарға оқушыларды тартуға. Қоғамдық тапсырмаларды орындауға, спорттық жарыстарға, байқауға, конкурстарға, олимпиада және басқа да шараларға қатысуға рұқсат беріліп, сабақтан босатылады;
  • оқу кезінде педагог қызметкерлерді мектеп басшылары олардың тікелей жұмысынан алаңдатып, қоғамдық міндеттер мен өндірістік қызметпен байланысы жоқ шараларды атқаруға жұмыстан шақыртуға және босатуға;
  • жұмыс уақытында қоғамдық жұмыстарға қатысты жиналыстар мен отырыстар өткізуге.

5.18. Педагог қызметкерлерге және басқа да жұмысшыларға тыйым салынады:

  • өз қалауы бойынша сабақ кестесін өзгертуге;
  • сабақты болдырмауға, сабақ уақытын және оның арасындағы үзілістерді ұзартуға немесе қысқартуға;
  • оқушыларды сабақтан шығарып жіберуге;
  • мектеп қабырғасында темекі шегуге.

5.19. Ережеге сәйкес педагог қызметкерлерге жыл сайынғы тиісті еңбек дамалысы жазғы каникул уақытында беріледі. Мектеп әкімшілігі жыл сайынғы еңбек демалысының берілуін мектеп жұмысының қалыпты жүруі мен қызметкерлердің демалуына қолайлы болуын ескере отырып құрады. Директорға еңбек демалысы білім беру бөлімінің бұйрығы негізінде, ал басқа қызметкерлерге мектептің бұйрығы негізінде беріледі.

5.20. Оқу кезінде егер ауыстыру мүмкіндігі болатын болса, қызметкерге санаториялы – курорттық емделуге, отбасы жағдайына байланысты ақысыз еңбек демалысы беріледі.

5.21. Оқу жылы ішінде ақысыз демалысы еңбек   мерзімнен артық болмауы тиіс.

6. Ата – аналар мен басқа заңды тұлғалар

6.1. ата – аналармен жұмыс – оқу – тәрбие процесінің ажырамас бөлігі.

6.2. Ата – аналар балаларының өмір сүруі мен білім алуына қолайлы және қауіпсіз жағдай жасап, адамгершілік, зияткерлік және физикалық қабілеттерінің дамуын қамтамасыз етеді.

6.3. Бес жасқа дейінгі балалардың мектепалды даярлығын қамтамасыз етіп, алты жасынан бастап жалпы орта білім беру мектебіне  баруын қадағалайды.

6.4. Білім беру мекемелерінің балаларды оқыту мен тәрбиелеуге бағытталған жұмыстарына жәрдем береді.

6.5. «Білім туралы » Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 заңының «Ата-аналардың және өзге де заңды өкілдердің құқықтары мен міндеттері» атты 49 бабының 2 тармағындағы 6,7 тармақшаларында: «Білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауға» және «білім беру ұйымында белгіленген киім формасын сақтауға міндетті» деп көрсетсе, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 «Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар» туралы бұйрықтың 13,20 тармақшаларында «мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды», «ата-аналар және өзге заңды өкілдер білім алушылардың орта білім беру ұйымында белгіленген мектеп формасын киюіне жауап береді» — делінген. Сондықтан, білім алу мекемелерінде балалардың мектеп әкімшілігі бекіткен мектеп формасын киюіне және сабаққа қатысымына жауап береді.

7. Оқушы ережесі.

7.1. Өз отанының лайықты азаматы, болашақ қоғамның жан – жақты дамыған білімді ұрпағы болуға дайындала отырып, оқушылар міндетті:

7.1.1. сабақ кестесі бойынша сабаққа қатысуға;

7.1.2. оқу бағдарламасына сәйкес жүйелі  түрде біліктілік дағдылары мен ғылым негіздерінен терең білім алуға;

7.1.3. өзінің мәдени деңгейін дамытуға;

7.1.4. мектептегі қоғамдық – пайдалы еңбекке белсене қатысуға;

7.1.5. мектептің ішкі тәртібінің ережелерін сақтауға;

7.1.6.мектеп мүлкіне, мектеп абыройының сақталуы мен артуына ұқыптылықпен қарауға;

7.1.7. тәртіпті болуға және өзге оқушылардың  жоғарғы саналы тәртіпті болуына қол жеткізуге;

7.1.8. ұжымның көзқарасын құрметтеп және сенімін бағалап, ұжымның, қоғамдық жастар ұйымының тапсырған нұсқауларын орындауда ынта білдіруге;

7.1.9. ересектердің және достарының сыни көзқарастарына шыдамдылықпен қарап, өзінің қателіктерін мойындай және түзете білуге;

7.1.10.сабаққа дайындықпен, орындалған үй жұмысымен келуге, қажетті оқу – құралдармен келуге;

7.1.11. уақытын жүйелі жоспарлап қолдануға, нақты және ұқыпты болуға;

7.1.12. педагог қызметкерлердің, басқа жұмысшылардың және оқушылардың өзін – өзі басқару ұйымының тапсырған нұсқауларын адал атқаруға;

7.1.13. ата – аналарын құрметтеуге, олардың және отбасының басқа мүшелеріне қамқор болып, үй шаруашылығына көмектесуге, отбасында қалыптасқан дағдыларды сақтауға;

7.1.14. балаларға, ересектерге, науқастарға және мүгедектерге ілтипатпен қарап, елгезек болуға;

7.1.15. мектепке смартфонды әкелмеуге;

7.2. Сырт келбетке қойылатын талаптар:

7.2.1. Жинақтылық, ұқыптылық, мұнтаздай таза аяқ киім, қарапайым жинақы шаш байлау үлгісі;

7.2.2. Санитарлық талаптарды орындау мақсатында мектеп ішінде ауыстыратын екінші аяқ киім болу міндетті, ауа райының төмен температурадағы жағдайларына байланысты мектеп әкімшілігімен келісілген ата – аналардың шешімі бойынша екінші (ауыстыратын) аяқ киім болу міндеттілігі алынып тасталуы мүмкін.

7.2.3. Мектеп әкімшілігі бекіткен мектеп формасын (ер балаларға: ақ көйлек, қара шалбар,  қыз балаларға: ақ жейде, қара белдемше, ақ бантик) міндетті түрде сақтау. Спорт залында спорттық форма мен спорттық аяқ киім кию міндетті.  Көрсетілген таплаптарды орындамаған жағдайда мұғалім, әкімшілік, класс жетекші оқушыны сырт келбетін келтіру үшін үйіне жіберуге және бұл туралы ата – аналарға (заңды тұлғаларға) хабарлауға құқылы;

7.2.4. Тыйым салынады: дене бөліктерін (іш, бел, кеудені) жалаңаштауға, хиджаб киюге, ер балаларға шалбар тобықтан жоғары болмауға, қыз балаларға: белдемшесі тізеден жоғары не төмен болмауға, бет бояйтын опа – далап қолдануға, ерсі әшекейлерді тағуға, назар аударатын пирсинг жасауға;

7.3. Сабақ үстінде өз – өзін ұстау ережелері:

7.3.1. Оқушылар оқу бөлмелеріне сабақ басталғанға дейін келуге міндетті.

7.3.2. Сабаққа кешігіп келген жағдайда мектеп оқушылары кешігу себебін сол күні класс жетекшіге түсіндіруге міндетті. 15 минуттан кешіккен  жағдайда кешігу себебі директордың орынбасарының атына жазылған түсініктемеде немесе бар болатын болса растайтын құжатта көрсетілуі тиіс.

7.3.3. Оқушылар әр сабақ басталған сайын мұғалімді тұрып қарсы алады. Сабақ аяқталғанға дейін оқу кабинетінен тек мұғалімнің рұқсатымен шыға алады.

7.3.4. Оқушылар сабақ кезеңінде тек оқу жұмысымен айналысып, сабақ өткізуге кедергі жасамай, мұғалімге және кластастарына құрметпен қарауы керек.

7.3.5. Сабақ үстінде шулауға, өзін және жолдастарын сабаққа қатысы жоқ әңгімелермен, ойындармен және т.б. заттармен алаңдатуға болмайды.

7.4. Сабақтан бос уақыттарында мектеп қабырғасында, яғни  кітапханада, білім алуына және болашақ мамандығына қатысты үйірме, факультативтерде өткізуге ұсыныс жасалады.

7.5. Сабақтан қалуының дәлелді себептері болып мыналар саналады: науқастанғандығы (сабақтан босату туралы дәрігердің анықтамасы), әскери комиссаратқа шақырылуы, оқушының сабақта болмауының себебін куәландыратын және түсіндіретін ата – аналардың  жазбаша арызы, спорттық және басқа да кластан тыс шараларға қатысқандығы туралы анықтама.

7.6. Осы ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны үшін оқушылармен әңгіме жүргізіп және төменде көрсетілген шаралар арқылы шешім қабылдауға мектеп әкімшілігіне шақыртылады:

  • ата – анасына хабарлау;
  • ата – анасын мектепке шақырту;
  • мектеп психологы және медициналық жұмыскермен әңгімелесуге бағыттау;
  • кластың, мектептің ата – аналар комитетінің отырысына шақырту;
  • әкімшілік отырысқа, педагогикалық кеңеске шақырту;

8. Еңбек және оқу тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік

8.1. Қызметкердің еңбек бұзуы, яғни өзіне жүктелген еңбек міндеттерін орындамауы немесе салғырт қарауы тәртіптік және қоғамдық ықпал жасау, сонымен қатар қолданыстағы заңды күші бар шараларды қолдануға  әкеп соқтырады.

8.2. Оқу мекемесінің әкімшілігі еңбек тәртібін бұзғаны үшін төмендегідей тәртіптік жазаны қолданады:

  • ескерту беру;
  • сөгіс;
  • қатаң сөгіс;
  • жұмыстан босату;

8.3. Қызметкерлер мен жұмысшылардың дәлелсіз себептермен жұмыстан қалғаны күндері кезекті еңбек демалысы күнлдерінен ұсталады, бірақ еңбек демалысы екі апталық жұмыс орнында борлмау жұмыстан қалу есептеледі. Ағымдағы жұмыс күнінің ішінде 3 сағат бойы дәлелсіз себептермен жұмыста болмау жұмыстан қалғанмен тең болып саналады және мұндай жағдайларға да жұмыстан қалғанға қолданатын шара қолданылады.

8.4. Тәртіптік жаза директормен немесе орынбасармен қолданылып бұйрық негізінде беріледі.

Білім беру мекемесінің әкімшілігі тәртіптік жазаны қолданудың орнына еңбек тәртібін бұзғаны жағдайын еңбек ұжымының немесе кәсіподақ ұйымының қарастыра беруіне мүмкін

8.5. Тәртіптік жазаны қолданудыңі алдында еңбек тәртібін бұзушыдан жазбаша түрде түсініктеме талап етіледі. Қызметкердің жазбаша түсініктеме жаза бермеуі жаза қолдануға кедергі болмайды.

8.6. Әрбір еңбек тәрбиені бұзғаны үшін тек бір ғана тәртіпті жаза қолданады.

8.7. Міндеттердің ішінде оқушыларға қатысты тәрбиелік жұмыстармен айналысу кіретін педагог қызметкерлер жұмысын әрі қарай жалғастыруға мүмкіндік бермейтін аморальды қылық болып саналады.

8.8. Тәртіптік жаза ретінде жұмыстан босату, аморальды қылық көрсеткені үшін және физикалық  немесе психологиялық жәбірлегені үшін жұмыстан бостау кәсподақ келісімінсіз жүзеге асырылады.

9. Қызметтегі жетістіктері үшін мадақтаулар

9.1. Еңбек міндеттерін үлгілі орынджағаны үшін, жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім берудегі табыстары үшін, ұзақ  та мінсіз жұмысы  мен еңбегіндегі жаңашылдық пен басқа да жетістіктері үшін келесі маджақтаулар қолданылады.

  • алғыс беру;
  • ақшалай сыйлық беру;
  • бағалы сыйлықпен марапаттау;
  • Құрмет Грамотасымен марапаттау;
  • біліктілік санкатын көтеру;
  • үкіметтік және басқа да наградаларға ұсыну;

Мадақтаулар әкімшіліктің кәсіподақпен келісе немесе бірлесе отырып қолданылады.

9.2. Ерекше қызметі үшін қызметкерлер ордендермен және медальдармен марапатталуы үшін, сонымен қатар Құрметті атақтарға тағайындалуы үшін жоғары биліктегі органдарға ұсынылады.

9.3. Мадақтау шаралары еңбегін және оқуын материалды және моральді ынталандыру ретінде қарастырылған. Мадақтау бұйрық негізінде беріліп, мектеп ұжымына хабарландырылады  және қызметкердің еңбек кітапшасына жазылады.